2026 жылғы 21 қаңтарда Көлік ғылымдары мен технологиялары институтының Жарғысына ресми түрде қол қойылды. Құжатқа М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Жармагамбетова М.С. және ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Көлік ғылымдары мен технологиялары институтының директоры Телтаев Б.Б. қол қойды.
Бекітілген құжатқа сәйкес, жаңа Институт ғылыми-зерттеу қызметі, инженерлік ізденістер, автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын жобалау, салу және диагностикалау салаларында қызмет атқарады, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік, инновациялық даму және білім беру бастамалары жобаларына сараптамалық қолдау көрсетеді.
Институт қызметінің басым бағыттарына мыналар жатады:
– көлік инфрақұрылымы саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;
– жол және көлік салалары үшін заманауи шешімдерді әзірлеу және енгізу;
– инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу;
– көлік саласы мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру;
– ғылымды, білімді және өндірістік практиканы интеграциялау.
Институтты құру қолданбалы ғылымды дамытуға, ALT Университетінің ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтуға және көлік пен логистика саласында заманауи ғылыми-білім беру экожүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Айта кетейік, Көлік ғылымдары мен технологиялары институтын құру туралы Меморандумға 2026 жылғы 9 қаңтарда қол қойылған болатын.


