Select Page

2025 жылғы 8 желтоқсанда Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университетінде Көлік құрылысы кафедрасының ұйымдастыруымен «Оқу траекториясын таңдау, көлік құрылысы кафедрасының білім беру бағдарламаларына шолу» тақырыбына арналған Оқу-әдістемелік семинар өтті.

Семинарға қонақ ретінде Ташкент мемлекеттік көлік университетінен (ТашМКУ) профессор, т.ғ.д. Джаббаров Саидбурхан Тулаганович шақырылды. Семинарға ALT Университетінің көлік құрылысы кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Көлік құрылысы кафедрасының ALT қауымдастық профессоры, т.ғ.к. Тулемисов Т.Ж. презентациялық баяндама жасады. Ол, өз баяндамасында көлік құрылысы, кадастр және қала құрылысы үшін мамандар даярланатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (бакалавриат, магистратура, докторантура) 14 білім беру бағдарламаларын атап өтті.

Талқылау барысында сөз сөйлегендер: ТашМКУ профессоры, т.ғ.д. Джаббаров С.Т., ALT қауымдастық профессоры, т.ғ.д. Исмагулова С.О., қауымдастық профессоры, т.ғ.к. Бихожаева Г.С., сениор-дәріскер Иманкулова А.С. және студенттер.

Skip to content
Приемная комиссия