2026 жылғы 11 қарашада Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University Телекоммуникациялар департаменті «National Day» аясында «Көшпенділер мұрасы» атты мәдени-ағартушылық іс-шара өткізді. Іс-шараға университет студенттері, профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар көшпелі халықтардың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен және тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктерімен танысты.
Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім беруге» сәйкес ұйымдастырылған іс-шара ұлттық мұраны сақтауға, мәдени таным көкжиегін кеңейтуге және университет қауымдастығының бірлігін нығайтуға ықпал етті.
Өз тамырымызды танып, өткенімізді сақтаймыз және болашағымызды қалыптастырамыз!
Автор: Алметова Е. М.


