Select Page

2025 жылғы 1 қараша күні Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университетінде робототехника саласына мамандандырылған болашақ «Lu Ban Workshop» техникалық ашылуы өтті. Іс-шара ALT Университеті мен Үрімжі кәсіптік университеті арасындағы ынтымақтастық аясында және Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери оркестрінің екі елдің әнұрандарының орындалуымен Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының туларын көтеруден басталды.

Іс-шара барысында ALT Университетінің Басқарма төрайымы — Ректор Жармагамбетова Меруерт Советовна, ALT Университеттің Құрылтайшысы Серикова Гульзана Бейбітқызы, Үрімжі кәсіптік университетінің партия комитетінің хатшысы Тан Сяобин және ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Люй И құттықтау сөз сөйледі.

Бұл техникалық ашылу робототехника саласына арналған «Lu Ban Workshop» құру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Зертхана инженерия және технология саласындағы студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға, инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталмақ. Іс-шара барысында қатысушылар «Lu Ban Workshop» эмблемасының ашылу рәсіміне және университет кампусы бойынша экскурсияға қатысты.

Болашақ «Lu Ban Workshop» Қазақстан мен Қытай арасындағы техникалық білім беру және кадрлар даярлау саласындағы серіктестікті нығайтатын маңызды алаңға айналмақ.

Skip to content
Приемная комиссия