30 қыркүйек 2025 жылы М.Тынышбаев атындағы ALT университеттің «Әлеуметтік гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының ұйымдастырумен М.Тынышбаевтың немересі Асқар Дәулетұлы Тынышбаевпен және Тынышбаев қорының президенті Нұршакен ханыммен кездесу өтті. Модератор т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Шамшиева Гаухар Сағындыққызы қонақтармен таныстырып, Асқар Дәулетұлына сөз берді. Асқар Дәулетұлы атасы М.Тынышбаевтың өмір жолдары мен оның басынан өткен оқиғаларын әсерлі етіп айтып берді. Атасы екі империяның тағдыр соқпағын көргендігін айтты. Патша үкіметі мен Кеңес одағындағы дәуірінде атасының қиын тағдырына ерекше тоқталды. Патша үкіметі дәуірінде Мәскеудегі оқуды тамамдаса, Кеңес Одағы дәуірінде Түркістан Сібір темір жолын салуда жалғыз маман ретінде Қазақстанға ғана емес Орта Азияға танымал инженер болды деп түйіндеді. Одан кейін сөз кезегі Нұршакен апамызға берілді. Нұршакен апай Тынышбаев туралы тарихи кітаптар мен қатар бірнеше фильмдердің жарыққа шыққандығын баяндады. Кездесу соңында қадірлі қонақтарымызға Университеттің атынан сый құрмет көрсетіп шығарып салдық.