2026 жылдың 20 қазанында ALT университетінің Бизнес мектебінің Тілдік дайындық департаментінің 0806 аудиториясында кафедра жоспары бойынша «Магистратурада онлайн ресурстарды пайдалану: кәсіби дамуға баса назар аудару» атты әдістемелік семинар өтті. Семинарды қауымдастырылған профессор Ұ.Б. Әділбаева жүргізді.
Іс-шара магистранттардың жетекші платформалар арқылы заманауи білімге қол жеткізуін кеңейту арқылы БҰҰ Тұрақты даму мақсатының 4-ші «Сапалы білім» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Кәсіби онлайн курстардың интеграциясы білім беру жолдарының икемділігін арттырады және оларды қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына дайындайды. Ғылыми-педагогикалық бағдарлама бойынша бірінші курс магистранттары Future Learn және өз салаларында қолданылатын басқа платформалардан онлайн ресурстарды көрсетті: Абдрафиков Н “Data Analysis and Visualisation with Pyton ”, Мұхамедияр Н “Data for Executives”, Асанов Д “Data Analytics for Decision making with tableau”, Бауржан А, Рахметов С “Master Facebook Marketing”, Ибрахимов С ”Management and Leadership: Growing as a manager”, Ибрахимов Р “Transforming Urban Mobility: Introduction to Transport Planning for Sustainable Cities”.
Іс-шара кәсіби алмасу және жоғары білім беру сапасы мен кәсіби дамудың заманауи талаптарын ескере отырып, магистратура студенттерін оқытуға онлайн ресурстарды біріктірудің тиімді жолдарын талқылау алаңы ретінде қызмет етті.
Автор: Досмағанбетова Н. Б.


