2026 жылғы 25 қазанда ALT университетіне серіктестеріміз — MIA Education білім беру орталығының оқушылары келді.
Университет базасында оқушыларға арналған сынақ тестілеуі ұйымдастырылды. Оның арқасында олар өз білімдерін тексеріп, дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, оқушылар кеңес алып, университетпен, оның білім беру мүмкіндіктерімен және білім беру бағдарламаларымен танысты.
Тестілеу барысында бақылаушы қызметін ALTeam үгіт-насихат тобының өкілдері атқарды.
Аталған іс-шара жастарға қолжетімді әрі сапалы білім беру және олардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсатына (ТДМ 4) — «Сапалы білім» қол жеткізуге үлес қосты. Сонымен қатар, университет пен MIA Education білім беру орталығы арасындағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған іс-шара ТДМ 17 — «Тұрақты даму жолындағы серіктестік» мақсатына да сәйкес келеді.


