Құрметті әріптестер!
Тынышпаев атындағы ALT университетінде дәстүрлі Michelin Logistics іс-шарасының өткізілуі басталды.
Іс-шара аясында көлік саласындағы логист мамандарының қызметін ұйымдастыру және еліміздің маңызды инфрақұрылымдық активтерін тиімді пайдалану мәселелеріне арналған шеберлік сабағы мен кәсіби кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында саланы дамыту перспективалары, деректерді талдау және басқарушылық шешімдер әзірлеу, ынтымақтастық бағыттары, сондай-ақ өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Лектор – «магистр», Transistema компаниясының директоры Б.С. Жаңбырбаев.
Кездесу қызықты әрі интерактивті форматта өтті.
Сонымен қатар қойма қызметін роботтандыру бағыттары бойынша мастер-класс өткізілді. Қазақстан Республикасындағы қорларды басқарудың негізгі сын-қатерлері мен оларды еңсеру тетіктері, логистика нарығының қазіргі жағдайы, әлемдік робототехника жеткізушілерінің ұсыныстары, сату перспективалары және саланың жетекші компаниялары талқыланды.
Мастер-классты Uniteee және Pudu компанияларының өңірлік өкілі әрі ресми дистрибьюторы Темірхан Шанкулов жоғары кәсіби деңгейде өткізді.


