Select Page

15 мамыр ALT университетінде Мұхаметжан Тынышбаевтың 145 жылдық мерей тойы аталып өтілді. Іс-шара тақырыбы «Т» ұрпақтары: кеше, бүгін, ертеңі форумы болды. Іс-шара 2 кезеңнен тұрды, біріншісі гүл шоқтарын қою рәсімі, екіншісі салтанатты марапаттау бөлігі. Бірінші бөлігінде Тынышбаев атамызға арналған үнсіздік, монументіне гүл шоқтарын қою және достық пен еркіндіктің белгісіне көгершіндер босатылды. Салтанатты марапаттау «Sanat» өнер орталығының бүлдіршіндерінің биімен ашылып, Президент- Ректор Амиргалиева Салтанат Нурадиловнаның сөзімен жалғасын тапты. 145 жылдыққа 145 медаль дайындалып М.Тынышбаевтың туыстарына, теміржол ардагерлеріне, университет түлектері мен профессорларына және озат студенттерге берілді. Арнайы сөз сөлеу үшін Тынышбаевтың немересі Елена Ескандеровна және Тынышбаев қорының директоры Жунисова Нуршакен апай өздерінің жылы лебіздерімен бөлісті. Одан бөлек Мұхаметжан Тынышбаев жайлы деректі бейне роликтар мен Америкадағы ұлы Шейх-Али Даулет Мұхаметжанұлының құттықтау роликтары қосылды. Іс-шара соңында университетіміздің өнерлі студенттері Тынышбаевқа арнау арнап, өлең оқып театрлық көрініс көрсетті.

Приемная комиссия