Select Page

29 қазан күні ALT университетінің қабырғасында студенттер көптен күткен “Посвящение–2025” мерекелік шарасының алғашқы кезеңі – «Путь ниндзя (тіркелу және ашылу)» өтті.

Бұл күн — студенттердің бірлігі мен шығармашылығын паш еткен жарқын сәттердің бірі болды!

Қатысушылар төрт командаға бөлініп, өздерін “Наруто” әлеміндегі кейіпкерлерше танытты:

1-команда – Суна

2-команда – Каноха

3-команда – Кумо

4-команда – Кири

Командалар «Наруто» әлемінен шабыт алып, ерекше шығармашылық қойылымдар мен әсерлі билерін ұсынды. Әр команда “Наруто” мультфильмінен үзінділерді сахналандырып, ерекше би қойылымдарын ұсынды. Студенттердің өнері мен креативі көрермендерді таңғалдырды.

Әділқазы алқасы:

— Маханбет Бауыржан Сәбитұлы – Әуезов ауданы Комьюнити-орталығының жетекшісі, “UAQYT” қоғамдық қорының төрағасы

— Сембиев Айболат Нығметжанұлы – Алматы қаласының студенттік Омбудсмені, Алматы студенттер Альянсының төрағасы

— Отарбай Мақпал – хореограф, «Элодия» демалыс орталығының жетекшісі

Кеш өте әсерлі өтті, ал командалардың ұпайлары төмендегідей болды:

Каноха – 38.3 ұпай

Кумо – 38.3 ұпай

Кири – 38 ұпай

Суна – 37 ұпай

Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Алда әлі де қызыққа толы кезеңдер күтіп тұр — ниндзя жолы енді ғана басталды!

Skip to content
Приемная комиссия