Select Page

М.Тынышбаев атындағы ALT Университетінде «Amanat» партиясының “Қарызсыз қоғам”жобасы аясында семинар-тренинг өтті.

Кездесуге қаржы сарапшысы Султангужиева Айгүл Жақсыбайқызы арнайы шақырылды. Спикер қатысушыларға қаржылық сауаттылық, жеке қаржыны басқару, қарызға кіруден сақтану және қаржылық қауіпсіздік туралы мазмұнды ақпарат ұсынды.

Іс-шараға университеттің қызметкерлері мен оқытушылық құрамы белсенді қатысты. Қатысушылар семинардан практикалық кеңестер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға кәсіби жауап алды.

«Қарызсыз қоғам» — азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.

Skip to content
Приемная комиссия