30 сәуір күні 2025 жылы
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай М.Тынышбаев атындағы ALT Университетінде достық пен татулықты дәріптейтін салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік жиынға университетте білім алып жатқан түрлі ұлт өкілдері белсене қатысып, өздерінің ұлттық өнері, әні, биі және салт-дәстүрімен бөлісті. Студенттер этностардың мәдени байлығын таныстырып, ортақ бірлікті паш етті.
Бұл мереке – тек өткенге тағзым ғана емес, болашаққа сенім, достық пен бірліктің символы. ALT Университеті бірлік құндылығын дәріптей отырып, жастар арасында толеранттылық пен өзара түсіністікті қалыптастыруды мақсат тұтады.