Select Page

«ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ өз бастамаларын М. Тынышпаев атындағы ALT университетінде жүзеге асыра бастады. 2026 жылғы 12 қаңтарда университетте «ҚазАвтоЖол»оқу орталығын ашудағы алғашқы практикалық қадам ретінде халықаралық және Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін көрнекі түрде көрсететін, жарықтандырылған Қазақстан Республикасы Автомобиль жолдарының интерактивті картасы орнатылды.

М. Тынышпаев атындағы ALT университеті  автомобиль жолдарының ұлттық операторымен стратегиялық әріптестікті дамытуға қызығушылық білдіреді. Бірлескен жұмыс жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлауға және келешекте көлік саласы мамандарын оқыту және олардың біліктілігін арттыру орталығын құруға бағытталған.

Skip to content
Приемная комиссия