2025 жылғы 27–28 қараша күндері Мухаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университетінде Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы көлік саласы бойынша кадрларды даярлау альянсы кеңесінің Үшінші отырысы өтті. Іс-шараға Қытай мен Орталық Азияның бес елінен мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және көлік саласындағы кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Кеңес отырысы көлік инфрақұрылымының заманауи даму үрдістерін, жоғары білікті мамандарды даярлау мәселелерін және білім, ғылым мен инновациялар саласындағы өзара әріптестікті талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар көлік саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға және алдыңғы қатарлы білім беру тәжірибелерін енгізуге бағытталған ой-пікір алмасты.
Бағдарлама аясында:
- пленарлық баяндамалар,
- сараптамалық талқылаулар,
- «университет – кәсіпорын» форматындағы көрме,
- ғылыми-техникалық ынтымақтастық пен көлік инфрақұрылымы мәселелеріне арналған секциялар өтті.
Сонымен қатар көлік саласын дамытуда білім мен өндірісті ықпалдастыру, инновациялық тәсілдерді енгізу және тұрақты даму бағытында халықаралық әріптестікті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар Альянс аясындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын жалғастыру және Қытай мен Орталық Азия елдерінің көлік және логистика саласындағы серіктестік әлеуетін арттырудың маңыздылығын атап өтті.


