ALT University-де «Тұрақты даму – кітап оқитын ұлт» тақырыбында студенттердің қатысуымен танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында білім алушылар өздері оқыған кітаптарын талдап, шығармалардың мазмұны мен негізгі идеясын ортаға салып, кейіпкерлердің әрекеттеріне ой жүгіртті. Сонымен қатар кітап оқудың адам өміріндегі маңызы, білім мен рухани дамуға қосатын үлесі туралы пікір алмасты.
Кездесудің басты мақсаты — жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқуға деген қызығушылықты арттыру және білімді, ойы ұшқыр, рухани бай ұрпақ тәрбиелеу (ТДМ 4 «Сапалы білім беру»).
Кітап оқу — жеке дамудың ғана емес, жарқын болашақ пен тұрақты қоғам қалыптастырудың да негізі!
Автор: Амантай Е. М.


