Select Page

№4 Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) – «Сапалы білім» аясында университет студенттерінің білім деңгейін арттыру, тарихи танымын кеңейту және кәсіби қызығушылығын дамыту мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға тарих саласында өзіндік орны бар, қоғамға танымал әрі тәжірибелі қонақтар шақырылып, студенттермен мазмұнды пікір алмасу өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан тарихының маңызды кезеңдері, тарихи оқиғалардың бүгінгі қоғамдағы маңызы, ұлттық құндылықтарды сақтау және жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру мәселелері қозғалды.

Қонақтар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, тарих ғылымындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салып, құнды ақпараттар алды.

Аталған кездесу студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, сыни ойлау қабілетін дамытуға және ғылымға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Осындай танымдық әрі тағылымдық іс-шаралар университет қабырғасында сапалы білім беруді жетілдіруге, білім алушылардың жан-жақты дамуына және №4 Тұрақты даму мақсатының жүзеге асуына өз үлесін қосады.

Автор: Амантай Е. М.

Skip to content
Приемная комиссия