Select Page

2026 жылғы 19 наурызда Мұхаметжан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде «Көлік құрылысы» кафедрасының жаңа оқу-тәжірибелік аудиториясы салтанатты түрде ашылды. Шараның басты символы — қызыл лентаны теміржол саласының аңыздары: «Қазақстанның Еңбек Ері», құрметті теміржолшы Қ.С. Сәмбетов пен құрметті теміржолшы Қ.Е. Естемісов қиды.

Аудиторияның ашылуына «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясының» басшылығы мен жол дистанцияларының бастықтары қатысты. Жаңа кабинет студенттерге теміржол құрылымының қыр-сырын тәжірибе жүзінде меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл бастама университет пен өндірістің тығыз байланысын нығайтып, болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.

Skip to content
Приемная комиссия