Select Page

2026 жылғы 19 наурызда Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінің «Көлік құрылысы» кафедрасында «Темір жол құрылымы» атты жаңа оқу-тәжірибелік аудиториясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараның символикалық қызыл лентасын Қазақстан Республикасы теміржол көлігінің ардагерлері — «Қазақстанның Еңбек Ері», құрметті теміржолшы Қ.С. Сәмбетов пен құрметті теміржолшы Қ.Е. Естемісов қиды.

Ашылу салтанатына «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясының» басшылығы мен жол дистанцияларының бастықтары қатысты. Жаңа аудитория студенттерге теміржол инфрақұрылымын тәжірибе жүзінде терең меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл бастама — университет пен өндірістің тығыз байланысын нығайту жолындағы маңызды қадам.

Skip to content
Приемная комиссия