Select Page

2026 жылғы 21 қазанда М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінде «Қазақстан теміржол жүйесінде тасымалдауды ұйымдастыру бойынша кірістерді басқару» тақырыбында қонақ дәріс өтті.

Дәрісті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Жүк тасымалы» филиалының Есеп айырысу орталығының басшысы Меркибаева Заида Рахимбековна өткізді.

Іс-шараға 6В11330 – «Көліктік логистика», 6В11333 – «Цифрлық логистика» және 6В11328 – «Саладағы қызметтерді басқару» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Қонақ дәріс барысында теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру, тасымалдау қызметтерінен түсетін кірістерді есепке алу және басқару, сондай-ақ теміржол саласындағы қаржылық есеп айырысу жүйесінің ерекшеліктері қарастырылды.

Студенттер теміржол тасымалдарының экономикалық аспектілері туралы тәжірибелік ақпарат алып, теориялық білімдерін нақты өндірістік тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алды.

Мұндай кездесулер білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға, көлік-логистика саласының ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және университет пен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді:

  • ТДМ 4 – «Сапалы білім беру»: студенттердің кәсіби білімін жетілдіру және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру.

  • ТДМ 17 – «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы әріптестік»: университет пен теміржол саласы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Іс-шараны ұйымдастырушы: «Логистика және бизнес» департаментінің сениор-лекторы Усербаева Айнаш Сатановна.

Автор: Алик Асель

Skip to content
Приемная комиссия