24 сәуір 2025 ж.
ALT Университеті | Тұрақты даму орталығы (ЦУР)
24 сәуір күні ALT Университетінде «Тұрақты болашақ: менің көзқарасым» тақырыбында студенттер арасында шығармашылық сурет көрмесі өтті.
Іс-шараның мақсаты — жастардың тұрақты даму идеяларына деген қызығушылығын арттыру, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті насихаттау болды.
Студенттер 17 тұрақты даму мақсатына негізделген өз жұмыстарын ұсынды. Әр сурет – болашаққа деген үміт пен саналы көзқарасты бейнеледі.
ALT Университеті тұрақты даму құндылықтарын дәріптей отырып, студенттерді белсенді азаматтық ұстанымға шақырады!