Select Page

Университетте Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) №7 – «Қолжетімді және таза энергия» бағыты аясында студенттермен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Наурыз Бауыржан Құсайынұлы, PhD, аға оқытушы қатысып, студенттерге қолжетімді, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздерінің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берді.

Іс-шара барысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту, күн және жел энергиясын тиімді пайдалану, энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда әлемдік деңгейде өзекті болып отырған энергетикалық мәселелер, жасыл технологияларды енгізу және энергия ресурстарын ұтымды пайдалану бағытындағы мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып бойынша пікір алмасып, пайдалы мәліметтер алды.

Мұндай кездесулер жастардың экологиялық санасын арттыруға, тұрақты даму қағидаттарын түсінуге және энергияны тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Таза энергия – жарқын болашақтың кепілі!

Автор: Амантай Е. М.

Skip to content
Приемная комиссия