Логистика және бизнес институтының «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасы «Логистика (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы докторанттарының педагогикалық практикасы аясында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына арналған оқу-тәрбие іс-шарасын өткізді. Ұйымдастырушылар — Әскери іс институтының өкілі, запастағы полковник Н.М. Сексенбаев пен оқытушы Н.М. Байдильдаева — мамандарды даярлаудың пәнаралық сипатын паш етті.
Академиялық пікірталас форматында өткен жиында қатысушылар циркулярлық экономикаға көшу, экологиялық стандарттарды енгізу және жеткізу тізбегіндегі көміртегі ізін азайту мәселелерін талқылады. Логистиканың тұрақты дамуға қол жеткізудегі стратегиялық құрал ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Мұндай бастамалар білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және заманауи бизнес-процестерді терең түсінуге ықпал етеді.


