Select Page

ALT Университетіне China Civil Engineering Construction Corporation (CCECC) компаниясының өкілдері келді.

Кездесу барысында тараптар білікті кадрларды даярлау, студенттердің өндірістік практикасы мен дуалды оқытуын ұйымдастыру, бірлескен білім беру және ғылыми-практикалық іс-шараларды өткізу, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы саласындағы жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

CCECC өкілдері университеттің білім беру және ғылыми қызметімен, материалдық-техникалық базасымен және бейіндік зертханаларының мүмкіндіктерімен танысты. Білім мен өндірістің өзара байланысын нығайтуға, оқу үдерісінің практикалық бағыттылығын арттыруға және түлектерді жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екендерін білдірді.

Автор: Абдикаликова Л. Б.

Skip to content
Приемная комиссия