Select Page

ALT Университеті мен өңірдегі ең ірі энергия таратушы компания — «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл – кафедраның бұрыннан көздеген мақсаты болатын.

Неліктен бұл маңызды?

Электроэнергетика кафедрасы оқу мен өндіріс арасындағы берік байланысты орнатуды басты мақсат етті. Себебі білім беру тәжірибеге бағытталған болуы тиіс – нақты технологиялармен, өндірістік міндеттермен және IT энергетика саласы және электрэнергетикасының шынайы жағдайларымен байланыста.

Меморандум аясында:

  • студенттер АЖК базасында өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өте алады
  • дуальды оқыту элементтері енгізіледі
  • салалық мамандардың қатысуымен бірлескен практикалық сабақтар ұйымдастырылады
  • «Электроэнергетика» және «IT-Энергетика» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады

Биыл «IT-Энергетика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері АЖК объектілерінде өндірістік тәжірибеден сәтті өтті

«Диспетчерлік басқарудың негіздері мен техникалық құралдары» пәні бойынша өндірістік ортада практикалық сабақтар өткізілді

Кафедра бұл бағыттағы жұмысын жалғастырып, энергетика және IT саласындағы өзге де алдыңғы қатарлы компаниялармен байланысын кеңейтіп келеді.

Skip to content
Приемная комиссия