Еліміздің тарихындағы маңызды мереке — «Республикасы күні» құрметіне 23 қазан 2025 ж. «Language Education» кафедрасының оқытушылары: Каламбаева Г. А., Есжанова Г. К., Адильбаева У. Б., Калкабаева Г. У. және Махамбетова С. К. «Қазақстан-қасиетті, рухты елім!» атты викторина өткізді.
27 қазанда кафедраның жауапты оқытушысы Г.Н.Досжанованың ұйымдастыруымен «Қазақстан – менің Отаным, менің ұлы жерім» атты «Кафедра күні» мерекесі өтті. Іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, кафедра меңгерушісі Ф.И.Смаилова құттықтау сөз сөйледі. Бағдарламада баяндама, бейнеролик және әдеби-музыкалық композиция қамтылды. Шара жылы әрі шабытты атмосферада өтіп, студенттерге Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін білдірді.


