2026 жылғы 15–16 қазанда Қытайда ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан ALT University магистранттары Қытай мен Орталық Азияның бес елінің көлік инфрақұрылымының инженерлік-техникалық стандарттары бойынша халықаралық форумға қатысты.
Форум стандарттау, көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылау үшін ғылыми және кәсіби қоғамдастық өкілдерінің басын қосты.
Ауқымды іс-шараға қатысу магистранттарға көлік саласының заманауи даму үрдістерімен танысуға, кәсіби білімдерін кеңейтуге және инженерлік-техникалық стандарттау саласындағы халықаралық озық тәжірибені зерделеуге мүмкіндік берді.
Халықаралық форумға қатысу ALT University магистранттарының ғылыми тағылымдамасының маңызды бөлігіне айналып, олардың зерттеушілік және кәсіби тәжірибесін одан әрі арттыруға ықпал етті.
Автор: Рысбек А. Ш.


