Select Page

2025 жылдың 4 желтоқсанында Ultimatum би ұжымы Бостандық ауданы Комьюнити орталығының ұйымдастыруымен өткен қалалық шарада ерекше өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Сахна төрінде жарқыраған жастарымыз өз биімен жігер беріп, шығармашылықтың шексіз мүмкіндігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қалалық деңгейде ұйымдастырылған бұл іс-шарада олардың энергиясы, кәсіби дайындықтары мен сахналық мәдениеті көпшіліктің назарын аударып, зор қошеметке ие болды.

ALT Университетінің талантты жастарының өнері — біздің ортақ мақтанышымыз. Ал Ultimatum тобы алдағы уақытта да тың жобалармен, жарқын қойылымдармен қуанта беретініне сенім мол!

Skip to content
Приемная комиссия