Select Page

2026 жылдың 26 қарашасында М.Тынышбаев атындағы ALT университетінің Әлеуметтік ғылымдар және адам дамуы департаментінің оқытушылары М.Ж. Құндақова мен Л.Т. Құрманбаева «ӘЛЕМДІК УНИВЕРСИТЕТ ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ БІЛІМ:ИНТЕГРАЦИЯ, ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ» тақырыбында мастер-класс өткізді.

16 Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар және 4 Сапалы білім тұрақты даму мақсаттарына сәйкес мастер-класс өткізудегі мақсатымыз әлемдік университеттердің озық тәжірибесін талдау арқылы Қазақстандағы ғылыми білімнің даму басымдықтарын айқындау және оны жетілдірудің ғылыми негізделген жолдарын ұсыну. Көздеп отырған міндетіміз зерттеу университеттері мен халықаралық ғылыми-білім беру модельдерін сипаттау; Қазақстанның ғылыми-білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын талдау; ұлттық ғылымның негізгі мәселелері мен даму мүмкіндіктерін анықтау; әлемдік тәжірибені Қазақстан жағдайына бейімдеу жолдарын ұсыну.

Баяндаманың құрылымы екі профессордың кезектесіп сөйлеуіне негізделген: бірінші бөлімде әлемдік университет тәжірибесі, екінші бөлімде Қазақстандағы ғылыми білімнің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қарастырылады. Соңында ортақ қорытынды және практикалық пікірталас ұсынылады. Қазіргі жаһандану және цифрлық трансформация жағдайында жоғары білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени дамуын айқындайтын стратегиялық факторлардың біріне айналды. Университеттердің дәстүрлі білім беру функциясы ғылыми зерттеулер жүргізу, инновациялық шешімдер әзірлеу, технологияларды коммерцияландыру және қоғамның тұрақты дамуына үлес қосу міндеттерімен толықтырылуда.

Әлемдік университеттердің тәжірибесі көрсеткендей, заманауи жоғары оқу орны тек білім беретін мекеме ғана емес, ол – жаңа ғылыми білім өндіретін, зерттеушілердің кәсіби әлеуетін қалыптастыратын және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ететін интеллектуалдық орталық.

Skip to content
Приемная комиссия