Select Page

2026 жылғы 13 қарашада Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Береке орта мектебінде «English, AI and Inclusion: Education without Limits» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Іс-шараға ALT университетінің «Тілдік дайындық» департаментінің сениор-лекторлары Лаззат Шинтаева Аманханқызы мен Фарида Сарсенбаева Габитқызы шақырылған спикерлер ретінде қатысты.

Лаззат Шинтаева «Teaching English in the Digital Age: Small Changes, Big Results» тақырыбында баяндама жасап, цифрлық дәуірдегі ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістерімен бөлісті.

Фарида Сәрсенбаева «Effective Methods of Teaching English: Modern Approaches and Practical Classroom Activities» тақырыбында практикалық мастер-класс өткізіп, интерактивті оқыту әдістерін ұсынды.

Семинар соңында мектеп директоры оқытушыларға кәсіби тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс хаттар табыстады.

Іс-шара ТДМ 4 — «Сапалы білім беру» мақсатына сәйкес келіп, университет пен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Автор: Досмағанбетова Н. Б.

Skip to content
Приемная комиссия