АЛТ университеті цифрлық білім беру саласында және заманауи технологияларды оқу үдерісіне ендіру бағытында айқын жетістіктерге жетуде. Транспорт және құрылыс институтының оқытушылары — Омарова Томирис Қазбекқызы, Бегимкулова Э.А. және Найманова Г.Т. — «Системы автоматизированного проектирования САПР в машиностроении» мультимедиялық интерактивті электрондық оқу құралын әзірлегені үшін авторлық құқыққа ие болды.
Жаңа буынға арналған инновациялық цифрлық оқу құралы
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі интерактивтілікке, көрнекілікке және қолжетімділікке негізделген жаңа форматтағы ресурстарды талап етеді. Ұсынылған электрондық оқу құралы — инженер мамандарды тәжірибеге бағыттап оқытуға арналған жаңа буынның цифрлық оқулығы.
Оқу құралында барлық қажетті мультимедиялық интерактивті материалдар біріктірілген:
-бейне-дәрістер
-интерактивті тапсырмалар
-мультимедиа материалдары
-аудио және бейне контент
-интерактивті мәтіндер
-виртуалды зертханалар
-жаңа үлгідегі интерактивті тесттер
Мұндай формат студенттердің сабаққа қызығушылығын күшейтеді, оқу үдерісін көрнекі әрі тартымды етеді, материалды тереңірек меңгеруге ықпал етеді.
Барлық құрылғыларға бейімделген
Оқу құралы смартфон, планшет және компьютер үшін толық бейімделген. Бұл студенттерге кез келген уақытта және кез келген жерде ыңғайлы интерактивті форматта білім алуға жағдай жасайды.
Цифрлық білім беруді дамыту және ТДМ-ға қосқан үлес
Мультимедиялық оқу материалының жасалуы мен енгізілуі білім беруді цифрландыру мақсаттарына сәйкес келеді және келесі Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) қолдайды:
ТДМ 4 — Сапалы білім,
ТДМ 9 — Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым,
ТДМ 17 — Тұрақты даму үшін ынтымақтастық.
АЛТ университеті инженерлік білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық цифрлық шешімдерді дамыту жұмысын жалғастыруда.


