ALT Университетінің «Жылжымалы құрам» кафедрасының профессоры, PhD Бақыт Ғ.Б. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ғалымдарымен бірлесіп, тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған маңызды ғылыми нәтижелерді жариялады.
Зерттеу жұмысының нәтижелері беделді Mining of Mineral Deposits журналының (Scopus CiteScore – 79%, Web of Science – Q2) ағымдағы санында жарық көрді. Ғылыми еңбек тау-кен және мұнай салаларының ағынды суларын плазмалық өңдеу арқылы тазартудың инновациялық технологияларына арналған.
Аталған жұмыс келесі Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) тікелей үлес қосады:
-
ТДМ 6 – Таза су және санитария: өнеркәсіптік ағынды суларды тиімді тазарту арқылы су сапасын жақсарту.
-
ТДМ 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым: плазмалық технологиялар негізінде жаңа әдістерді енгізу.
-
ТДМ 12 – Жауапты тұтыну және өндіріс: өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін азайту.
-
ТДМ 13 – Климаттың өзгеруіне қарсы күрес: экологиялық таза технологиялар арқылы зиянды шығарындыларды төмендету.
Бұл зерттеу өнеркәсіптік экология саласындағы ғылыми-инновациялық шешімдерді дамытуға және Қазақстанның тұрақты даму бағытын нығайтуға елеулі үлес қосады.


