«Радиотехника және телекоммуникациялар» кафедрасының сениор-лекторы Егембердиева Зауре Мықтыбекқызы Алматы қаласындағы Eco Network креативті ЭкоХабына барды. Іс-шара барысында пластик қалдықтарын қайта өңдеу технологиялары, қайта өңделген шикізаттан өнім өндіруге арналған жабдықтар, экологиялық арт-нысандар және қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін дамытуға бағытталған жобалар таныстырылды. Сонымен қатар ресурстарды ұтымды пайдалану, айналмалы экономика қағидаттарын енгізу және энергияны үнемдейтін технологияларды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара ТДМ 7 «Қолжетімді және таза энергия» және ТДМ 12 «Жауапты тұтыну және өндіру» мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.
Автор: Егембердиева З. М.


