Ембергенова Сабина Аскаровна, М.Тынышбаев атындағы ALT университетінің белсенді студенті, 2025 жылдың 29-30 мамыр күндері Астана қаласында өткен Astana International Forum (AIF 2025) халықаралық форумына қатысып келді.
AIF 2025 — бұл жаһандық сын-қатерлерге жауап іздейтін, халықаралық ынтымақтастықты арттыруды мақсат еткен беделді алаң. Форум аясында сыртқы саясат, тұрақты даму, климаттық өзгерістер және жаһандық экономика сынды өзекті мәселелер талқыланды.
Сабина пікірталастарға қатысып, түрлі елдердің көшбасшыларымен, сарапшыларымен және жастар өкілдерімен танысып, маңызды тәжірибе жинақтады.
“Мұндай форумдар жастардың ой-өрісін кеңейтіп, әлемдік мәселелерге бейжай қарамауға үйретеді. AIF маған жаңа көзқарас пен шабыт сыйлады!” — дейді Сабина.
ALT университеті өз студенттерінің білім мен көшбасшылық қабілетті қатар дамытып, халықаралық деңгейдегі алаңдарға қатысуын әрдайым қолдайды!