2026 жылғы 18 қарашада Инженерия мектебінің студенттермен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 6-мақсаты – «Таза су және санитария» аясында студенттік презентациялар мен ашық талқылау форматында танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында студенттер ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігі, судың адам денсаулығына әсері, су ресурстарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және таза суға қолжетімділіктің маңыздылығы туралы дайындаған презентацияларын таныстырды.
Сонымен қатар су сапасының негізгі көрсеткіштері, суды үнемдеу жолдары және су ресурстарының ластануын болдырмау мәселелері талқыланды. Ашық пікір алмасу кезінде студенттер өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап беріп, күнделікті өмірде суды ұқыпты пайдалану жөніндегі ұсыныстарын білдірді. Іс-шара студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға, су ресурстарына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және тұрақты даму қағидаттарын түсіндіруге бағытталды.


