№12 Тұрақты даму мақсаты – «Жауапты тұтыну және өндіру» аясында университет студенттері қалалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде қатысып, ұйымдастырылған экосенбілікке атсалысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауды насихаттау және жастардың қоршаған орта алдындағы азаматтық жауапкершілігін арттыру.
Экосенбілік барысында студенттер қоғамдық аумақтарды тазалау, қоқыстарды жинау және айналаны абаттандыру жұмыстарына қатысты. Олар қоршаған ортаны қорғау әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін көрсете отырып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.
Аталған акция студенттердің экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, табиғатқа жанашырлықпен қарауға, ұжымдық жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етті.
Осындай игі бастамалар жастарды қоршаған ортаны қорғауға, ресурстарды ұтымды пайдалануға және тұрақты даму қағидаттарын күнделікті өмірде ұстануға шақырады.
Автор: Амантай Е. М.


