Select Page

2026 жылғы 23 қарашада Инженерия мектебінің студенттермен Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсаты – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» аясында ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара студенттердің тақырыптық презентацияларын таныстыру, материалдарды түсіндіру және ашық пікір алмасу форматында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында студенттер тұрақты қалалардың негізгі ерекшеліктері, қауіпсіз әрі қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру, қолжетімді қоғамдық көлікті дамыту, ауаның ластануын азайту, жасыл аймақтарды көбейту және тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау мәселелері бойынша дайындаған презентацияларын ұсынды. Сонымен қатар қалалардың қарқынды өсуі кезінде туындайтын экологиялық және әлеуметтік мәселелер, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, энергияны үнемдеу және тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау қажеттілігі туралы танымдық ақпараттар берілді.

Ашық талқылау барысында студенттер өздері тұратын қаланың экологиялық жағдайы, қоғамдық көлік жүйесі, инфрақұрылымы мен абаттандырылуы туралы пікірлерін білдіріп, қалалық ортаны жақсартуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Іс-шара студенттердің тұрақты урбанизация туралы білімін кеңейтуге, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және туған қаласының дамуына жауапкершілікпен қарауға бағытталды.

Skip to content
Приемная комиссия