Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қалдыбек Азамат Бескемпірұлы Мұхаметжан Тынышпаев атындағы ALT Университетіне арнайы іссапар жасап, оқу орнының күрделі жөндеуден кейінгі жаңартылған базасымен танысты.
ALT Университеті соңғы жылдары инфрақұрылымын жаңғыртып, студенттер үшін заманауи білім алу мен шығармашылықпен айналысуға қолайлы жағдай жасауда. Жаңартылған аудиториялар, зертханалар, кітапхана және студенттік кеңістік жастардың сапалы білім алуына, ғылыми зерттеулер жүргізуіне, шығармашылық әлеуетін дамытуына жаңа серпін береді.
Сапар барысында қала әкімінің орынбасары университеттің оқу-ғылыми әлеуетіне жоғары баға беріп, жастарға бағытталған жобалардың маңызды екендігін атап өтті. ALT Университеті Алматы қаласының білім беру экожүйесінің дамуына үлес қосып қана қоймай, студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасап отырған іргелі оқу орны ретінде танылуда.