Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінің №202 өтінім нөмірімен тіркелген ғылыми жобасы 23 жеңімпаз жобаның қатарына еніп, ғылыми әзірлемені іске асыруға гранттық қаржыландыру алды.
Байқауға барлығы 229 өтінім келіп түскен. Алдын ала іріктеуден және акселерациялық бағдарламадан өткеннен кейін келесі кезеңге 70 жоба жіберіліп, сараптамалық бағалау нәтижесінде 23 ғылыми әзірлеме қаржыландыруға ие болды. Жалпы қаржыландыру көлемі 348 млн теңгені құрайтын конкурс Алматы қаласының дамуы үшін практикалық маңызы бар перспективалы ғылыми жобаларды қолдауға бағытталған.
Жобалар келесі негізгі өлшемшарттар бойынша бағаланды:
-
ғылыми жаңалығы мен өзектілігі;
-
практикалық маңыздылығы мен коммерцияландыру әлеуеті;
-
практикалық іске асыруға дайындығы;
-
Алматы қаласын дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі және зерттеу нәтижелерін қалалық инфрақұрылымға енгізу мүмкіндігі.
ALT Университеті жобасының жеңісі оқу орнының жоғары ғылыми-инновациялық әлеуетін және жүргізіліп жатқан зерттеулердің тәжірибелік құндылығын дәлелдейді.
Дереккөздер:
Автор: Юлдашев С. Б.


