12 қыркүйек ALT University-де 1-курс студенттерінің қатысуымен қала күніне орай дәстүрлі студенттік футбол ойыны өтті. Бұл күн жас буынның бірлігін, сергектігін және жеңіске деген жігерін айқын көрсеткен ерекше сәтке айналды.
Жарысқа барлығы 32 команда қатысып, әр ойын өз тартысымен, эмоциясымен есте қалды. Қатысушылар алаңда нағыз командалық рух пен спорттық әділдік үлгісін көрсетті.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
1 орын – «Alliance» командасы
2 орын – «BI» командасы
3 орын – «Қайрат» командасы
Бұл жарыс — тек спорт емес, студенттердің достығы мен ынтымағын арттыратын үлкен бастама.
Барлық қатысушыларға белсенділік пен ерекше көңіл-күй сыйлағаны үшін зор алғыс білдіреміз!