Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University-ге әлемдегі жетекші зерттеу университеттерінің бірі — Michigan State University (АҚШ) ресми делегациясы келді. Бұл кездесу халықаралық академиялық ынтымақтастықты, ғылыми іс-қимыл мен білім беру саласындағы серіктестікті дамытудағы маңызды қадам болды.
Michigan State University делегациясының құрамында университет басшылығының өкілдері, халықаралық білім беру бағдарламаларының, зерттеу орталықтарының мамандары және инженерия, экология, білім беру және халықаралық зерттеулер саласындағы профессорлар болды.
Сапар кампус-турдан басталды, оның аясында делегация университеттің заманауи білім беру және ғылыми инфрақұрылымымен танысты. Қонақтар HUAWEI ALT Academy, робототехника және мехатроника, автомобиль инженериясы, Smart Roads лабораторияларын, Coding Club, Silk Road Workshop-Smart Logistics оқу орталығын, технопаркті және басқа да инновациялық кеңістіктерді аралап көрді.
Ресми кездесу барысында тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, бірлескен ғылыми зерттеулер, халықаралық білім беру бағдарламалары және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Делегацияны қарсы ала отырып, ALT University Басқарма төрағасы – Ректоры Меруерт Жармағамбетова халықаралық серіктестікті дамыту университеттің стратегиялық бағыттарының бірі екенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда университеттер білім алмасуға, ғылыми ынтымақтастық пен технологиялық дамуға арналған жаһандық алаңға айналуы тиіс. Әлемдік жетекші университеттермен серіктестік біздің студенттеріміз, зерттеушілеріміз бен оқытушыларымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», — деп атап өтті ол.
Michigan State University өкілдері өз кезегінде университеттің халықаралық бағдарламалары мен зерттеу бастамаларын таныстырып, ALT University-мен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға және университеттер арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған келісімге қол қою рәсімі өтті.


