Select Page

21-23 сәуір аралығында ALT University-де Қазақстанның барлық аймақтарынан келген болашақ студенттерге арналған Ашық есік күні өтті. Қатысушылар Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Тараз және Қызылорда қалаларынан келді. Колледждердің 150-ден астам түлегі мен олардың кураторлары ALT University-мен танысу және өздерінің білім беру жолын таңдауда келесі қадам жасау үшін Алматыға арнайы ат басын бұрды.

Бірінші күні қатысушыларға оқуға түсу ережелері, білім беру бағдарламалары және мансаптық перспективалар туралы егжей-тегжейлі айтылды. Жеке кеңес беруге ерекше көңіл бөлінді: қабылдау комиссиясының өкілдері қатысушылардың қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы мамандықтардың сұранысқа ие болуын ескере отырып, бағыт таңдауға көмектесті.

Екінші күн Алматымен танысуға арналды — бұл қала көптеген жастар үшін өмірдің келесі кезеңіне айналуы мүмкін. Медеу мен Көктөбеге бару қатысушыларға қаланы оқу ортасынан тыс жерде көруге мүмкіндік берді. Қатысушылар қала атмосферасын сезініп, өзара танысып, алған әсерлерімен бөлісті.

Финалдық күн интерактивті форматта өтті. Командалық белсенділік пен бірлескен ойындар қатысушыларға ортаға тез бейімделуге және өздерін университет қауымдастығының бір бөлігі ретінде сезінуге көмектесті.

Іс-шара салтанатты рәсіммен аяқталды: ең белсенді қатысушылар ескерткіш сыйлықтар иеленсе, колледждерге ынтымақтастық үшін алғыс хаттар табыс етілді.

Үш күндік бағдарлама тек ALT University-мен танысу ғана емес, оның білім беру және студенттік ортасына толыққанды ену мүмкіндігі болды. Қатысушылар маңызды сұрақтарына жауап алып, қаламен танысты және болашақ жолын саналы түрде таңдауға үлкен қадам жасады.

Skip to content
Приемная комиссия