Select Page

2026 жылғы 11 қарашада ALT University Бизнес мектебінің бітіруші курс студенттеріне магистратураға түсу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында студенттерге магистратураға қабылдау тәртібі, түсу талаптары, кешенді тестілеу (КТ), білім беру бағдарламалары және мемлекеттік білім беру гранттарына қатысу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.

Сонымен қатар магистратураның ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттарының ерекшеліктері, оқу мерзімі, білім алуды жалғастырудың артықшылықтары мен болашақ кәсіби даму мүмкіндіктері түсіндірілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – бітіруші студенттердің жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру, академиялық және кәсіби дамуына қолдау көрсету, сондай-ақ білім беру траекториясын саналы түрде таңдауға бағыт беру.

Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім» және 8-мақсаты – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» бағыттарына сәйкес келеді. Магистратурада білім алуды жалғастыру жастардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына және еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

ALT University студенттердің үздіксіз білім алуына және кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған ақпараттық және қолдау шараларын жүйелі түрде жалғастыруда.

Автор: Нышанбекова Қ. Қ.

Skip to content
Приемная комиссия