Select Page

Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University оқытушылары Мәскеу техникалық байланыс және информатика университеті (МТБИУ) базасында халықаралық тағылымдамадан өтуде.

ALT University-ден тағылымдамаға қатысушылар:

  • Өмірбекова Зарина Маратқызы – «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының senior-лекторы;

  • Немербаева Меруерт Қайратқызы – «Радиотехника және телекоммуникациялар» кафедрасының оқытушысы.

Тағылымдама бағдарламасы келесі өзекті технологиялық бағыттарды қамтиды: телекоммуникациялық жүйелер мен байланыс желілері, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, цифрлық экономика және финтех, ғарыштық және спутниктік технологиялар, сондай-ақ заманауи білім беру технологиялары.

Бағдарламаның негізгі бөлігінің бірі – 10-13 наурыз аралығында МТБИУ алаңында өтіп жатқан Communications and Informatic Festival Russia (CIFR-2026) халықаралық салалық ғылым фестиваліне қатысу болды. Фестиваль ТМД елдерінің, Қытайдың, Африканың, Таяу Шығыстың және Оңтүстік-Шығыс Азияның ғалымдары мен сала өкілдерінің басын қосты.

Фестиваль аясында «Ақпараттық қоғам технологиялары» атты XX халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы, IEEE конференциясы және IT-білім беруді экспорттауға арналған дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, фестивальдің ерекше бөлімі ретінде «M*CTF International» ақпараттық қауіпсіздік жарыстары, киберспорт және дрондар жарысы чемпионаты өтті. Осы іс-шара аясында «Автоматизация және басқару» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Пикалов Игорь Викторович университетіміздің атынан дрондар жарысы чемпионатында бағын сынауда.

Университет оқытушылары мен студенттерінің мұндай халықаралық бағдарламаларға қатысуы академиялық ұтқырлықты дамытуға, ғылыми байланыстарды кеңейтуге және оқу процесіне озық технологиялық тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді.

Skip to content
Приемная комиссия