2026 жылғы 18 қарашада ALT University-де балалардың құқықтарын қорғау, олардың заңды мүдделерін сақтау және қауіпсіз әлеуметтік орта қалыптастыру мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Іс-шараға Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшылары мен мамандары, сондай-ақ балалар өкілдері және білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Кездесу барысында балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың мүдделерін қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелер және бала тәрбиесіндегі жауапкершілік тақырыптары талқыланды.
Сонымен қатар қатысушылар өзара пікір алмасып, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың үнін есту және мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мәселелеріне назар аударды.
Кездесу барысында қонақтарға ALT University-дің оқу ғимараттары, заманауи зертханалары, аудиториялары мен студенттерге арналған кеңістіктері таныстырылды. Қатысушылар университеттің білім беру мүмкіндіктерімен, материалдық-техникалық базасымен және студенттердің кәсіби әрі шығармашылық дамуына жасалған жағдайлармен танысып, оқу ордасының білім беру әлеуеті туралы ақпарат алды.
Кездесу жас ұрпақтың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары және қоғам арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.


