Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні қарсаңында ALT University-де «Нұрбанк» АҚ басқарушы директоры Гүлназ Фарденқызы Халитованың «Цифрлық экономика дәуіріндегі қаржыгер мамандығы: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті.
Кездесу барысында спикер қаржы секторының қазіргі даму үрдістері, цифрлық технологиялардың банк қызметіне ықпалы және қаржы саласы мамандарына қойылатын талаптардың өзгеруі туралы айтты. Цифрландыру жағдайында табысты мансап құруға қажетті кәсіби құзыреттерге ерекше назар аударылды.
Гүлназ Фарденқызы банк саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі қаржыгерлер кездесетін негізгі сын-қатерлерді атап өтті. Сондай-ақ цифрлық шешімдерді енгізу нәтижесінде пайда болып жатқан жаңа мансаптық мүмкіндіктер туралы баяндады.
Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби даму бойынша пайдалы кеңестер алды. Кездесу білім алушылардың қаржы саласындағы заманауи үдерістер мен қаржыгер мамандығының келешегі туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Автор: Абдикаликова Л. Б.


