Тұрақты даму мақсатының №4 «Сапалы білім» бағытын іске асыру аясында 2026 жылғы 13 қазанда ALT University мен «Білім беру және жаңа инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС бірлесіп, студенттер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.
Дәріске Алматы қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының директоры, философия докторы (PhD) Бақытжан Жолдыбайұлы Сапаров қатысты.
Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеялардың таралу жолдары, ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы, сондай-ақ құқықтық сауаттылық пен конфессияаралық келісімді нығайту мәселелері талқыланды.
Іс-шара студенттердің діни сауаттылығын арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және қоғамдағы бейбітшілік пен келісім құндылықтарын нығайтуға бағытталды.
Автор: Қадырбек Айзада


