2026 жылғы 11 маусымда Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University-ге Education First (EF) халықаралық білім беру ұйымының өкілдері: Education First аға вице-президенті Ben Hope, Орталық Азиядағы аймақтық менеджері Ләйлә Бекжанова және Artisan Education бас коммерциялық директоры Абай Кәкімбек ресми сапармен келді.
Қонақтар үшін кампус-тур ұйымдастырылып, оның барысында олар университеттің заманауи инфрақұрылымымен, білім беру және ғылыми зертханаларымен, сондай-ақ оқу мен зерттеу жұмыстарына арналған инновациялық алаңдармен танысты.
Кампус-турдан кейін шетелдік қонақтар Академиялық қызмет жөніндегі проректор Ш.А. Әбдірешовпен, Логистика және бизнес институтының директоры К.Ж. Дәубаевпен, «Language Education» кафедрасының меңгерушісі Ф.И. Смайыловамен және аға оқытушы Д.Е. Сағырбаевамен жұмыс кездесуін өткізді.
Жүздесу барысында тараптар тілдік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың болашақ перспективаларын талқылады.
Бұл сапар университеттің халықаралық серіктестік байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам болды. Сондай-ақ, ол халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, білім алмасуға және тілдік білім беру саласындағы мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған ТДМ 17 — «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік» мақсатына қол жеткізуге септігін тигізеді.
Автор: Досмағанбетова Н. Б.


