Select Page

2026 жылғы 17 қарашада ALT University-де Студенттер апталығы аясында Алматы қаласының жастары арасында «Кітап оқитын ұлт» жобасы бойынша ұйымдастырылған шығармашылық бейнероликтер челленджінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Челлендж жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және оқырмандық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің шығармашылық бейнероликтері арқылы кітап оқудың маңыздылығын, оның тұлғалық даму мен білім қалыптастырудағы рөлін көрсетті.

Байқау нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар келесі орындар бойынша марапатталды:

  • І орын – Келесбай Толғанай;
  • ІІ орын – Жұмабек Азамат;
  • ІІІ орын – Мұрат Аяжан.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінің Студенттер апталығы аясында өткізілуі жастардың білімге, әдебиетке және шығармашылық ізденіске деген қызығушылығын қолдауға бағытталған бастамалардың маңызын айқындай түсті.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы өскелең ұрпақ арасында кітап оқу дәстүрін кеңінен насихаттауға, зияткерлік әлеуетті дамытуға және қоғамда білім мен рухани құндылықтарға негізделген оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Автор: Қадырбек Айзада

Skip to content
Приемная комиссия