Select Page

2026 жылғы 12 қарашада ALT University Бизнес технологиялар факультетінің бітіруші курс студенттеріне магистратураға түсу мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында студенттерге магистратураға қабылдау шарттары мен ережелері, қабылдау науқанының кезеңдері, тіркелу және кешенді тестілеуді (КТ) тапсыру мерзімдері, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын таңдау ерекшеліктері туралы толық ақпарат берілді.

Ерекше назар ALT University-де білім алуды жалғастыру мүмкіндіктеріне, магистратура бағдарламаларының артықшылықтарына және кәсіби әрі академиялық дамудың болашағына аударылды.

Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқуға түсу тәртібі, талапкерлерге қойылатын талаптар және қажетті құжаттар туралы толық түсіндірме алды.

Аталған іс-шаралар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға да үлес қосады. Атап айтқанда, 4-ТДМ – «Сапалы білім» мақсатына сәйкес, баршаға қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар, 8-ТДМ – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» мақсатына сәйкес, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу кәсіби біліктілікті арттыруға, құзыреттерді дамытуға және түлектердің мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Мұндай іс-шаралар студенттердің жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға, кәсіби бағдарын айқындауға және олардың академиялық әрі мансаптық дамуына жағдай жасауға бағытталған.

Автор: Нышанбекова Қ. Қ.

Skip to content
Приемная комиссия