ALT университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында эдвайзерлермен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттар мен міндеттерді кеңінен түсіндіру, олардың маңыздылығын жеткізу және осы бағыттарды университеттің тәрбие және білім беру үдерісінде ілгерілету жолдарын айқындау.
Кездесу барысында Жолдауда көтерілген өзекті мәселелер, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру саласындағы басымдықтар, жастардың қоғамдағы рөлі мен азаматтық жауапкершілігі талқыланды.
Сонымен қатар эдвайзерлерге аталған бағыттар бойынша студенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тақырыптық кездесулер мен тәрбие сағаттарын ұйымдастыру және жастардың қоғамдық-саяси сауаттылығын арттыру жөнінде ұсыныстар берілді.
Мұндай кездесулер Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жастар арасында кеңінен насихаттауға, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және ел дамуына белсенді атсалысуына ықпал етеді.
Автор: Қадырбек Айзада


